spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
16.2 C
Kokshetau

Көкшетауда вирустың бар жоғын анықтауға зертханалық мүмкіндік бар

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда коронавирустың бар-жоғына зертханалық зерттеу жүргізуге мүмкіндік бар. Енді талдауларды Елордаға жіберудің қажеттілігі туындамайды. Сонымен қатар жергілікті кәсіпорындардың бірінде шикізат мәселесі шешілген соң бетперделер шығарылатын болады. Бұл жөнінде коронавирус инфекциясының алдын алу және таралуына жол бермеу шаралары туралы өткен брифинг спикерлері мәлімдеді, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.

Жағдайға қарай әрекет ететін боламыз, – деді жауапты ведомстволардың өкілдері. Мысалы, оқушылар мектептен босатылды, ал балабақшалар бойынша мәселе әлі шешілген жоқ. Сондай-ақ, «Серпін» бағдарламасы бойынша өңірлерге келген оқушылар мен студенттерді, шетелдік студенттерді тасымалдау жөнінде мәселелерді қарастырылуда. Бетпердеге қатысты бұқаралық дүрбелеңді Көкшетау қаласының өзінде медициналық бетперде өндіру қолға алынады. Бүгінде өңірдегі қор 144 мыңды құрайды.
Қазіргі сәте ең бастысы барлық жеке гигиена ережелерін сақтау, адамдар көп жиналатын орындарға барудан, қол алысып амандасудан бас тарту қажет. Бұл мақсатта діни адамдармен де түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина:

– Тек ауру белгілері бар тұлғалар ғана тексерілетін болады. Егер ол адамдарда сырқат белгілері болмаса, онда қаралмайды. Қазір жеке зертханалармен ақылы негізде барлық ниет білдірушілер тексерілуге мүмкіндік алу мәселелері қарастырылуда. Зерттеу бес сағат ішінде жүргізіледі..

Бір сөзбен айтқанда Ақмола облысы барлық бағыттар бойынша әрекет жоспарларын құрды. Ақпараттарды ресми сайттардан бақылап, үрейленуге жол бермей, дегенмен барлық сақтық шараларын жасау қажет.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img