spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
20.2 C
Kokshetau

«Ansar» волонтерлер орталығы ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Науан Хазірет мешіті жанынан «Ansar» волонтерлер орталығы ашылды. Бұл туралы мешіт жанындағы жастар ісі секторының меңгерушісі Дәулет Мүсіпкеп хабарлады,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта орталықта 50-ге тарта волонтер бар. Олар өңірдегі экологиялық акциялардан бастап, қарияларға қолдау таныту мен қайырымдылық істерге ат салысуды көздейді.

– Бұл орталық Көкшетаудағы белсенді жастардың сұрауы бойынша ашылды. Аз уақыттың ішінде алты отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті. Алдағы уақытта жоспарлап отырған біраз жұмыстар бар. Мұнда жастардың өзін-өзі дамытуына да мүмкіндік беріледі,-дейді Дәулет Мүсіркеп.

Көкшетаулық ерікті жастар әр сенбінің кешінде өңірдегі белсенді тұлғалармен «Сенбілік сұхбат» атты кездесу ұйымдастырады. Ой бөліседі, пікір алмасады. Ал, ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында волонтерлер қарттар үйіне барып, мерекелік кеш ұйымдастырмақ.

– Орталықтағы менің міндетім  атқарылған жұмыстарды әлеуметтік желілерге жүктеп, жұмыстарды дәріптеу. Әр ерікті өз жобаларын  ұсынып, ой бөліседі. Яғни, қарапайым бір адам  жақындарына я болмаса басқа бейтаныс жанға жақсылық жасап, соны челлендж арқылы  үш досына жолдайды. Жастарды жақсылыққа баулу мақсатында қолға алған менің жобам,-дейді «Ansar» волонтерлер орталығының мүшесі Сабыржан Махамбет.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img