spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau

Коронавирусқа байланысты Абай жылына арналған іс-шаралар жаңа форматта өткізіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Нұр-Сұлтан қаласы орталық коммуникациялар қызметінде COVID-19-дың еліміздегі соңғы ахуалына байланысты баспасөз жиыны өткізілді. Оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов, Индустрия және инфақұрылымдық даму министрі Берік Қамалиев қатысып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.
Қазақстанда коронавирус инфекциясы анықталмады, дегенмен еліміз вирус үшін ең қауіпті аймақ болып табылады-деді Елжан Біртанов.
Коронавирустың біздің елде таралмауы үшін сақтандандыру шаралары жалғасып жатыр. Сол ссебепті ауқымды шаралар қысқартылып, мекемелердің жұмысы уақытша тоқтатылып, халықаралық рейстер шегерілді.

«Инфекцияны алып келмеу мақсатында 13 наурыздан бастап іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. Мерекелік, спорттық, мәдени, конференциялар, семинарлар, көрмелерді және тағы басқа шараларды өткізу шектеледі. Денсаулық сақтау, білім беру орындарында – ХҚКО-ларда, сауда орындарында, базарларда, вокзалдарда, әуежайларда және қонақүйлерде санитарлық шаралар күшейтіледі», – деді Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Халықаралық жағдайларға байланысты Абай жылына арналған іс шаралар да халықтың шоғырын қажет етпейтін болады. Қазір министрлікте бұл датаны жаңа форматта өткізу қарастырылып жатыр. Хакім Абайдың өнегесі мен данышпандығын насихаттайтын «Онлайн режимдегі» шаралар ұйымдастырылатын болады, -деді ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.
Бұған дейін ДҰҰ вирустың бұл түрін пандемия деп жариялады.
Орта білім беру 16 нарыздан 5-ші сәуірге дейін ұзартылады.

Коронавирусқа байланысты ведомствоаралық комиссияның шешімімен халықаралық рейстер саны қысқартылды. Евроодақтағы 29 рейстің 14-і қысқартылды. Түркияға қатынайтын 15 рейс қана қалды. Араб әмірліктеріне 32 рейстің 12-сі ғана қалдырылды,-деді Индустрия және инфақұрылымдық даму министрі Берік Қамалиев

МАЙРА ҚУАНЫШҚЫЗЫ

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img