spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau

Салық төлеуден жалтармақ болғандардан 30 миллиард теңге кері қайтарылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Президенттің Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен мемлекеттік кірістер органдарының 2019 жылғы қызметінің қорытындылары туралы баспасөз конференциясы өтті, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.


Комитет төрағасының мәлімдеуінше, биылғы жылы мемлекеттік бюджеттің кіріс жоспары толығымен орындалып, өткен жылмен салыстырғанда
1 трлн. 381 миллиард теңгеге жоғарылаған. Оған мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын арттыруға бағытталған заңдар мен бағдарламалар өз ықпалын тигізен. Мемлекеттік сатып алулар порталында қатысушыларының қаржылық тұрақтылығын растау талап етіліп, нәтижесінде бюджет қоржынына ірі 58 салық төлеушілердің есебінен 1 миллиард теңге көлемінде салық төленген.
Мұнымен қоса қауіпті компанияларды анықтау және бастапқы кезеңде электронды шот-фактураларды шектеу мақсатында пилотты жоба жүзеге асырылып жатқаны аталып өтті.


Жаңадан басталған пилоттық жоба аясында 30 миллиард теңге сомасында заңсыз салықтан жалтармақ болғандар анықталған. Аталған өзгерістердің әсерінен салық түсімдері 323 миллиард теңгеге ұлғайды. Сонымен қатар, салық тексерістерін азайтуға да мүмкіндік берді, дейді Марат Сұлтанғазиев.
Комитет төрағасы сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілерінің бизнес процестерін салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыруға бағыталған жобалар да жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті. Бұл өз кезегінде еліміз бойынша тауар қозғалысын бақылауға және баға белгіленіміне талдау жасауға мүмкіндік бермек.
Құжаттық қадағалаудың негізі «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі болып табылады. Тұтынушылар оңай қолдану үшін ақпараттық жүйенің мобильді қосымшасын іске қосу да жоспарланыпты.
Брифинг барысында сондай-ақ салық төлеушілерге ыңғайлы әрі жеңіл болуы үшін 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап – «Салық әмияны» мобильді қосымшасының іске қосылғаны аталды.
Аталған қосымша жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерге бюджетке тиісті салықтар үшін төлемдерді автоматты түрде жіберуге мүмкіндік береді.
Осы қосымшаны одан әрі дамыту аясында Комитет азаматтарға өздерінің салық салу объектілері туралы анық емес сипаттағы ақпараттарды түзетуге мүмкіндік беруді жоспарлап отыр, – дейді комитет төрағасы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img