spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
14.7 C
Kokshetau

Әркім қарапайым қағидаларды сақтауға тиісті

Сондай-ақ...оқыңыз

Коронавиурстан қорғану әркімнің өзіне байланысты,-деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық комуникациялар қызметінде өткізілген баспасөз жиынында.

Вирустан сақтану үшін қарапайым ғана ережелер қажет. Өзінің карантинге алынатынын біліп тұрып шет елге шығып жатқан азаматтар бар. Жауапкершілікті сезіну әркімнің борышы. Бұған дейін шет елге шықпау қажеттігі ескертілді. Десе де оған құлақ асып жатпағандар да кездесіп отыр,-деді Е. Біртанов.
Шет елге шығатын рейстер қысқартылып, сақтық шаралары күшейтілді.

– Той тойлайтын емес, ой ойлайтын кез келді. Қазіргі жағдай мүлдем басқа. Біз халыққа сауда орындарына барма, той жасама деп нақты шектеу қоя алмаймыз. Дегенмен де халықаралық жағдайларға байланысты барлық сақтық шараларды сақтап, көрсетілген, айтылған ережелерге бағынуларыңызды сұраймыз, -деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Рейстердің қысқартылуына байланысты азаматтардың алдын ала алып қойған билеттері айыппұлсыз кері қайтарылады.
Елімізде коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін 14 күндік карантин жеткілікті деді министр. Қытайдан келетін азаматтарға карантин енгізілген. 20 ақпаннан бастап 160 адам карантинде жатыр. Олардың ішінде отандастарымызбен бірге ҚХР-дың да, басқа елдің де азаматтары бар.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img