spot_img
Сенбі, Мамыр 4, 2024
16.2 C
Kokshetau

«Тұмар 2020» сыйлығына үміткерлер анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Тұмар» телевизиялық бәйгесі қатысушыларының баспасөз конференциясында үміткерлердің есімдері белгілі болды, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.

Құрамына медиа индустриясының отандық және халықаралық өкілдері енген қазылар алқасы өз категориясы бойынша үздік атағына қырық үміткерді іріктеп алды, 13 наурыз, алдағы жұма күні Казмедиа Орталығының Конгресс-холлында естелік статуэтка мен бір миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық иегерлерінің есімдері белгілі болады, деп хабарлады ұйымдастырушылар.

«Тұмар» Ұлттық телевизиялық сыйлығы 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (ҚР АҚДМ) бастамасы бойынша тағайындалған. Бірнеше жылдың ішінде отандық телевизиялық журналистиканың 36 маманы эксклюзив мүсіншенің иегері болды.

Қазақстан Республикасы РАҚДМ Ақпарат комитетінің төрағасы Ләззат Сүйіндіктің айтуынша, «Тұмар» Ұлттық сыйлығы жоғары кәсіби стандарттардың жарқын сипатына айналды, сонымен қатар, телевизия қызметкерлерінің шығармашылық ізденістеріне оң мотивация сыйлап, саланың дамуына және өз ісінің шеберлері арасында адал бәсекелестіктің өсуіне серпін берді. Биыл жобада 10 номинация бойынша 211 жұмыс қабылданды. Өтінімдердің көп бөлігі «Үздік әлеуметтік жоба» және «Үздік деректі фильм» номинациялары бойынша келіп түсті, ал «Үздік телевизиялық сериал» номинациясында Қазақстанның төрт бірдей жетекші телеарнасының танымал сериалдары мүсіндерге таласпақ».

Жоба жүзеге асып келе жатқан жылдар ішінде 898 қатысушы сыйлыққа ие болу үшін ниет танытты, олардың 138-і шорт-парақтарға енгізіліп, бас жүлде – белгілі зергер-суретші Қамбар Есмұхановтың жезден және әйнектен жасалған эксклюзивті «Тұмар» мүсіншесі үшін таласты. Мүсіншеде сенім бойынша иесін жамандықтан және көз-сұқтан қорғайтын түркі талисманы – тұмар бейнеленген.
Төртінші «Тұмар» бәйгесі ерекше болмақ – Ұлттық бәйгенің қазылар алқасының мүшесі, танымал тележурналист Ләйля Сұлтанқызы осылай пікірімен бөлісті.

Байқаудың басты ерекшелігі биылдан бастап іс-шараны ұйымдастыру комитеті өткен жылдардағы қазылар алқасы мен кәсіби қоғамдастықтың ұсыныстарын ескере отырып, биылдан бастап «Тұмар» мүсіншесіне миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы тағайындауды шешіпті. Оған қоса, байқау тарихында тұңғыш рет қазылар алқасының құрамына тек қазақстандық телевизия мамандары ғана емес, халықаралық деңгейдегі сарапшылар да енбек.

«Байқауға қатысуға ұсынылған қазақстандық сериалдар халықаралық деңгейге шыға алады. Тележобаларды бағалағаннан кейін сіздерге өз телевизияның бірегейлігімен әбден мақтануларыңызға болады деп сенімді түрде айта аламын, мен мұндай үйлесімді қостілділікті әлемнің еш жерінен кездестірген емеспін. Хабар таратудың қос тілі, қос мәдениет, әрі бір мақсатқа асқан жылдамдықпен ұмтылған бір халық, бір ел», – деді тележурналист, ТЭФФИ сыйлығының иегері, New York Film Academy оқытушысы Евгения Власова.

Байқаудың шорт-парағына Үздік телевизиялық сериал, Үздік деректі фильм, Үздік ток-шоу, Үздік ойын-сауық бағдарламасы,үздік ақпараттық бағдарлама, үздік тележ.ргізуші, үздік тележурналист, үздік режиссерлік жұмыс, үздік әлеуметтік жоба және үздік аймақтық телеарна аталымдары бойынша үміткерлер белгілі болды. Алдағы жұма яғни 13 наурыз күні жеңімпаздар Нұр-Сұлтан қ. Сағат 17:30 «Қазмедиа орталығы» киноконцерт холлында анықталмақ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img