spot_img
Сенбі, Маусым 13, 2026
19.9 C
Kokshetau

Киев Димашты қазақша қарсы алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Киевтегі Жуляна халықаралық әуежайының диспетчері қазақстандық әншіні қазақша хабарламамен қарсы алды, деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.
Көпшіліктің қолдарында Қазақстан мен Украинаның жалаулары, әншіге шын пейілдерімен ұсынғысы келетін гүлдері мен сыйлықтары бар. Ал әншінің жанары «Дайдидау» әні 8 жылдан кейін Украинаға оралды!» деген жазуы бар үлкен плакатқа түсті. Демек, көрермендер Киевтегі концертті шынымен күткен екен.
Жанкүйерлер де Димашты қазақ тілінде: «Димаш Құдайберген, Киев қаласына қош келдіңіз!» деп таза әрі еш акцентсіз ұранмен күтіп алды. Олар сонымен қатар әншіге символикалық сыйлық – гетман күшінің нышаны болып табылатын зерлі мата сыйлады.
Сіздің әніңіз бен даусыңыз біздің жүрегіміз бен санамызды ешқашан өшпейтіндей жаулап алды. Бұл кестелі мата сіздің шығармашылығыңыздың біздің жүрегіміздегі орнының белгісі болып қалсын, – деді жанкүйерлер Димашқа қуанышпен.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Аршалы ауданында «Таза ел – жарқын болашақ» экологиялық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Есіл өзенінің жағалауында «Таза ел – жарқын болашақ» атты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика