spot_img
Сенбі, Тамыз 8, 2026
14 C
Kokshetau

Медициналық масканың тапшылығы сезіле бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Денсаулық сақтау министірі Елжан Біртанов маскамен бірінші кезекте медициналық орган қызметкерлері мен науқастар қамтамасыз етілетінін ескертті. Сондықтан, бір адамға 10-нан артық маска сатпауға шешім қабылданды,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов дәріханаларда маска табу қиындап кеткенін жоққа шығармайды.

«Коронавирус туралы алғаш ақпарат тараған кезде дүрлігу туып, адамдар жаппай маска сатып алған жағдайлар болды. Сондықтан, кей дәріханаларда тапшылық болды. Коронавирустың алдын алу үшін Үкіметтің резервінен бөлінген 2,1 млрд теңге бар. Қамтамасыз етеміз», – деді Е.Тоғжанов.

Қазақстанда 20 ақпаннан бастап сыртқа маска сатуға тыйым салынған. Себебі пайда табу мақсатында алып-сатарлықпен айналысатындар көбейіп кеткен.

«Адамдар сатып алып, посылкамен тауарларды шет елдерге жіберіп жатты. Біздің өндіруші компаниялар да сырт елдерге шығарды. Сол себепті экспортты шектедік. Сондай-ақ ведомствоаралық комиссия медициналық құралдарды да сыртқа сатуға уақытша тыйым салу мәселесін қарады. Екінші мәселе – импорттың шектелуі. Басқа елдер, оның ішінде Қытай да маска экспорттамай жатыр», – деді Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов.

Осыған байланысты Үкіметте маска өндіретін компаниялардың қатысуымен жиналыс өтіп, өндіріс көлемін арттыруға тапсырма берілмек. Себебі олардың бірінде шикізат жетіспейді.

«Аптекаларда медициналық масканың бар-жоғын тексеруге құқығымыз жоқ. Біз тек бағаны бақылай аламыз. Алайда, өндіріс тоқтап қалмас үшін бағаны шектемеу туралы шешім қабылдадық. Қымбаттаса да, дефицит болмасын», – деді Е.Біртанов.

Елімізде айына 5 млн медициналық маска шығарылады. Масканы Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстарындағы 5 кәсіпорын өндіреді. Бұл зауыттардың өндірістік қуаты күніне 170 мың маска шығаруға жетеді.
Бұдан былай 6,5 миллионға дейін маска өндірудің қажеттігі туып отыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ?

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары өз сайлау учаскесін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика