spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
20.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын қорытындылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыста «Бизнестің жол картасы» жобасын жүзеге асыру кезеңінде құны 144 миллиард теңге көлеміндегі 1293 жоба мақұлданды. Бағдарлама 9 жыл әрекет етіп, осы уақыт ішінде 22 мың адам екі қолға бір күрек тапқан. Кәсіпкерлік бағдарламасының осы және басқа да қорытындылары туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде аталып өтті, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасының нәтижелерін тілге тиек еткен кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау алу тетіктерін жеңілдету және тиімділігін жетілдіру әдістері туралы атап өтті. Басқарма басшысының айтуынша бастапқыда әрбір жоба өңірлік үйлестіру кеңесінде қаралған. Алайда, 2018 жылдан бастап «Даму» қоры «кепілдендіру» және «қажыландыру» бағыттары бойынша дербес шешім қабылдауда.

– 2019 жылы бағдарламаны жүзеге асыруға 2,1 миллиард теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілген. Бағдарлама әрекет еткен кезеңде (2010-2019 жылдар) облыс аумағында жалпы құны 144,7 миллиард теңгенің 1293 жобасы мақұлданған. Қолдаудың барлық түрлерінен ең танымалы пайыздық мөлшерлемелерді қаржыландыру болып бұл барлық жобалардың 70 пайызына жеткені белгілі болды. 10 жыл ішінде бағдарлама шеңберінде 15,7 миллиард теңге игерілді, – деді Ербол Оспанов.

Кәсіпкерлермен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасымен 1,025,4 теңге сомасына өнім өндіріліп, 87,2 миллиард теңге сомасында салық төленген. Сондай-ақ, 22,7 мың жаңа жұмыс орындары ашылған. Еске сала кетейік, «Бизнестіңжол картасы-2020» бағдарламасы осы жылы едәуір жетілдірілді.2025 жылға дейін бағдарламаға сәйкес шағын кәсіпкерлік үлесін ішкі жалпы өнімде кемінде 33,8 пайызға дейін жеткізу көзделген. .
Қорытындыларды тыңдаған облыс әкімі барлық тиісті ведомстволарға облыс кәсіпкерлері арасында «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасының мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img