spot_img
Сенбі, Тамыз 8, 2026
14 C
Kokshetau

Бір тоннадан астам қауіпті мандарин өртелді

Сондай-ақ...оқыңыз

Нұр-Сұлтанда карантиндік зиянкестердің таралып кетпеуі үшін ҚР Ауылшаруашылық министрлігі мемлекеттік инспекторлары 1 210 келі қауіпті мандаринді тәркілеп, зиянды жемістерді экополигон аумағында өртеді. Бұл дерек бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен өнім иесіне 53 025 теңге көлемінде айыппұл салынды, – деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордалық өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар фитосанитарлық бақылау барысында Грузия елінен «Комсток сымыры» зиянкесін жұқтырған мандариндердің ірі партиясын анықтады.

«Комсток сымыры» зиянкесі негізінен алмұрт, алма, анар, шабдалы, өрік, банан, інжір, жүзім, долана, катальпа, цитрустар, картоп, қарбыз, қауын, бұрыш және басқа да көкөністерді зақымдайды. «Комсток сымыры» таралған кезде өсімдіктердің жаппай қурауына алып келеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ?

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары өз сайлау учаскесін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика