spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 15, 2024
6.8 C
Kokshetau

Жемқор жазасыз қалмайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бурабай ауданының құрылыс бөлімінің бас маманы мекеме басшысының электрондық-цифрлық қолтаңбасын пайдалану арқылы 2 526 863 теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлағаны анықталды. Сома сот-экономикалық сараптама қорытындысымен расталды,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі. 

Аталған бұзушылық ауданның тиісті мемлекеттік органдары басшыларының тарапынан бақылаудың болмауынан, сондай-ақ құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғаларының тікелей міндеттерін тиісінше орындамауы себепті туындаған.

Осы жағдайға байланысты, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Рүстем Танабаевтың қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту бойынша кездесу өтті.

«Мемлекеттік ақшаны тиімсіз пайдалану мен ұрлаудың кез келген алғышарттары мен жағдайлардың жолын кесу баршамыздың міндетіміз. Сондықтан да қатысушыларды адалдыққа, сатылмаушылыққа, азаматтар мен мемлекеттің мүдделеріне қызмет етуге шақырамын», – деді Рүстем Танабаев.

Кеңес барысында қатысушыларға ҚР ҚПК 200-бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал ететін жағдайларды жою туралы ұсыныстар айтылды.
Сонымен қатар жиында Бурабай ауданының қаржы бөлімі тарапынан еңбекақы төлеу қорындағы бюджет қаражатын жұмсауды жоспарлауға бақылауды күшейту мәселесі сөз болды.

Жиналыс нәтижесі әкімдіктің дербес бөлімдері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары үшін компьютерлік сауаттылық және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану негіздеріне оқыту семинар-кеңестерін өткізу қажеттігін көрсетті.
Қылмыстық қудалау органы қабылдаған түбегейлі шаралардың нәтижесінде жоғарыда көрсетілген қаражат мемлекет кірісіне өтелді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бұландылық оқушы ядролық реактордың моделін әзірледі

Бұланды ауданының үш оқушысы Бішкек қаласында өткен «Біз – ХХІ ғасыр интеллектуалдарымыз» халықаралық байқауында ел намысын қорғап, жақсы нәтижемен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img