spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
20.2 C
Kokshetau

Мәдениет орталығы бой көтерді

Сондай-ақ...оқыңыз

Бурабай ауданының Мәдениет ауылында «Ақтілек»  мәдениет орталығы ашылды,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Орталықтың ашылу салтанатына Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықов, аудан әкімі Әсет Мұздыбаев, мәдениет және БАҚ өкілдері мен кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары қатысты.

-Мәдениет орталығы тек мәдениет ауылының  тұрғындары үшін ғана емес, бүкіл Зеленобор ауылдық округі үшін де жұмыс істейді. Осындай жақсы бастама ауданымыздың басқа ауылдарына да үлгі болсын. «Ақ тілек»  мәдени орталығының негізін қалаған, осы істің басында жүрген елжанды азаматтарға және ауыл тұрғындарына алғыс айта отырып, мықты денсаулық, отбасыларының амандығын және табысты еңбек тілеймін,-деді аудан әкімі Әсет Мұздыбаев.

90 –шы жылдың тоқыру тұсында ауылдан ажар тайған соң, тұрғындар жан-жаққа көше бастаған. Бүгінде 600-ге жуық тұрғыны бар ауылға қайтадан ат басын  тіреген халықтың қарасы да көбейіп келеді. Жамағаттың құлшылығына жарап тұрған ауыл мешітін де 2013 жылы осы елден арман қуып, алысқа кеткен қалталы азаматтар салып берген болатын.

Мәдениет орталығының құрылысы былтыр маусым айында басталған. Содан бері ортақ іске ел азаматтары түгел атсалысқан. Аумағы 450 шаршы метр алып ғимаратқа 40 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды.

Келешекте қос кәсіпкер Мәтәллап Оразұлы мен Мырзабай Асанұлы ауыл балаларының жаттығып, спрортпен шұғылдануы үшін спорт кешеннінің де құрылысына қол ұшын созбақ.

Мұндай мекемелер  ауыл жастарының мәдениеті мен рухани ортасын қалыптастырып, бос уақытын қамтамасыз етеді деп сенеміз.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img