spot_img
Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
17.2 C
Kokshetau

Облыс әкімі Көкшетаудағы жұмыс барысын тексерді

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс барысында Көкшетау қаласын аралады. Өңір басшысы салынып жатқан нысандар мен қоғамдық көлік мәселесіне назар аударды, -деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Өңір басшысы ең алдымен Абылай хан даңғылындағы салынып жатқан тұрғын үй кешені нысанына ат басын бұрды. Бұл үйде 400 пәтер орналасқан. Әкім құрылыс компаниясы басшысынан тұрғын үйдің «7-20-25» несиелеу бағдарламасына жататынын яки жатпайтыны жөнінде сұрады. Құрылыс нысанын салушының айтуынша пәтерлердің үлкен бөлігі аталған тұрғын үй жобасы бойынша берілмек. Баспананың шаршы метрінің құны 180 мыңнан 210 мың теңгеге дейін.

– Өткен үш жыл ішінде облыс орталығында тұрғын үй құрылысы 110 мыңнан 160 мыңға дейін өсті. Болашақ бүгіннен басталады. Сондықтан келесі жылы қандай нысандар салатынымызды қазірден бастап ойлауымыз қажет, – деп атап өтті облыс әкімі.

Одан әрі әкім Көкшетау автобус паркінде болды. Мұнда өңір басшысы автобустың жаңартылған «Infobus» жүйесімен танысты. Тапсырыс беруші кәсіпорындардың даму болашағына қатысты сондай-ақ жаңадан енгізілген электронды билеттендіру мәселелерін талқыға салды.

Әкім өз сөзінде жолақы билеті тақырыбы қаланың көптеген тұрғындарын толғандыратынын атап өтті. Аталған жағдайдың шешімін табу үшін ол автобус карталарын енгізушілермен бірге электронды айлық жолақы билетін жасауды ұсынды. Әкім аталған істі орындауға екі ай уақыт берді.

Осыдан кейін Ермек Маржықпаев коммуналдық қызмет өкілдерінің тірлігіне көз жүгіртіп, қауырт кезеңде сылбырлық танытпауға шақырды. Жұмыс соңында №1 орта мектебінің қосалқы ғимараты салынып жатқан құрылыс алаңында болып, жұмыс барысымен танысты. Орындау мерзімі ұзаққа созылып кеткенін еске салған өңір басшысы құрылысты салып жатқан компания басшысынан түсініктеме беруін талап етті. Мердігер компания басшысы жерасты суларының жақын орналасуына байланысты құрылыс баяу жүргізіліп жатқанын алға тартты.

– №1 орта мектебінің жанама құрылысы – аса маңызды әлеуметтік нысан. Қосымша сыныптар үш ауысымды мектептің жүгін жеңілдететін болады. Зая кеткен уақыттың есесін толтыратын болыңыздар, 1 қыркүйекке дейін құрылыс пайдалануға берілетін болсын! – деді Ермек Маржықпаев.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалықтар отан қорғаушыларына алғыс білдіруде

Отан қорғаушылар күні қарсаңында біздің жүрегіміз мақтаныш пен Еліміз үшін күрескендер үшін алғысқа толы! ҚХП Ақмола облыстық филиалы төрағасының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img