spot_img
Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
17.2 C
Kokshetau

Көкшетауда 3 шағын базар салынады

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда ақмолалық тауар өндірушілерінің өнімдері сатылатын үш шағын базар салынатын болады. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «СПК Есіл» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Гүлмира Джазина мәлімеді,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

«Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өңірдің кәсіпкерлік экономикалық белсенділігін ынталандыру және бизнес-бастамаларды қолдау мақсатында 2010 жылдың 15 қазанында әділет органына тіркелген болатын.

«Есіл» ӘКК қызметі бағыттарының бірі Ақмола облысының азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын құру жолымен әлеуметтік маңызды азық-түліктерге бағаны тұрақтандыру бойынша мемлекеттік бағдарламаға қатысу болып отыр. Ол астықты қоспағанда негізгі тағам өнімдеріне маусымдық баға ауытқуларын басуға арналған.

Көкшетаулықтар «Көкше Қамқор» коммуналдық базарында «Есіл» ӘКК павильонында тұрақтандыру қорынан өнімдерді сатып ала алады. Корпорация қызметкерлері өнімдердің 7 түріне тауар өндірушілермен келісімшарт жасады. Тұрақтандыру қорын толықтыру қаражат облыстық бюджет қоржынынан бөлініп отырады.

Мәселен қалалықтар қарақұмықты 267 теңгеге, ажарланған күрішті 280 теңгеге, сатып ала алады. «Гормолзавод» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сарымайының келісі 2400 теңге болса, Атбасардан келген «Сочинское» күнбағыс майының 5 литрінің құны 1900 теңгеге бағаланған. Осы уақытқа дейін сауда орнында бірінші сұрыпты ұн киллиограмы 110 теңгеден сатылуда. Оны «Atbasar Grain» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шығарып отыр. Кейінірек сауда павильонында картоп және сәбіз де сатылатын болады деп күтілуде.

Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының тағы бір жобасы – «AQMOL» сауда үйлерінің желісі болып отыр, аталған дүкендердің бесеуі Нұр-Сұлтан қаласының түрлі аудандарында да орналасқан. Тұтынушыларға ыңғайлы болуы үшін дүкендер тәулік бойына жұмыс істеуге ауысқан.

«Есіл» ӘКК «AQMOL» дүкендерінде өнімдерін орналастыра отырып ақмолалық тауар өндірушілерін де қолдап отыр. Бұл елордалық сатып алушылар арасында тауардың танымалдылығын арттырып, ел астанасындағы дистрибуцияны дамытып, басқа сауда желілеріне жеткізуді жүзеге асырмақ.

Бүгінгі таңда «AQMOL» дүкендер желісінде 42 ақмолалық жеткізушілердің ( «Агрофирма «Родина» ЖШС», «Ижевский ӨК», «CAPITAL PROJECTS LTD» ЖШС, «МПК «Бижан» ЖШС, «Гормолзавод» ЖШС) тауарлары ұсынылған. 2019 жылы түрлі түржинақтағы 317 тонна өнімі жүзеге асырылған.

– Облыс орталығында «AQMOL» дүкені әзірге жоқ. Бірақ қала тұрғындарының көпшілігі бізге осындай дүкен ашу туралы өтініш айтуда. Біз Көкшетаудың бірқатар аудандарында үш заманауи стильдегі және ыңғайлы шағын базарлардың құрылысын жоспарлап отырмыз. Мүмкін олардың біріне «AQMOL» атауын беруіміз мүмкін, – деп атап өтті Гүлмира Джазина.

Сонымен бірге спикер «Есіл» ӘКК ҰК» АҚ директорлар кеңесінің шешімі бойынша 2015 жылдың 11 желтоқсанында құрылған және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын жасау әрі қолдаумен айналысып отырған «Ақмола облысының мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің өңірлік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметі туралы әңгімелеп өтті.

Мемлекеттік жекеменшік әріптестігі – әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын құруға, қаржыландыруға және пайдалануға бағытталған мемлекет пен жекеменшік кәсіпкерлік субъектілері арасындағы ынтымақтастық формасы. Тараптардың ынтымақтастығы келісімшарт қатынасы түрінде рәсімделуі және уақытпен (келісімшарт мерзімі 3 жылдан 30 жылға дейін) шектелуі тиіс.

Бүгінгі таңда 45 жоба жүзеге асырылуда. Олардың көпшілігі білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй құрылысы, көлік, энергетика салаларына қатысты. Жобалардың құны 269 миллиард теңгені құрайды, оның ішінде мемлекеттік міндеттемелер 9,1 миллиард теңге. 2020 жылдың бірінші тоқсанына шамамен 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалықтар отан қорғаушыларына алғыс білдіруде

Отан қорғаушылар күні қарсаңында біздің жүрегіміз мақтаныш пен Еліміз үшін күрескендер үшін алғысқа толы! ҚХП Ақмола облыстық филиалы төрағасының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img