spot_img
Жұма, Наурыз 29, 2024
3.2 C
Kokshetau

Степногорcк қаласының өндіріс көлемі өскен

Сондай-ақ...оқыңыз

Былтыр 55 жылдық мерейтойын атап өткен Степногорск қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны біршама артып, әсіресе өндіріс көлемі айтарлықтай өскен, – деп хабарлайды Aqmola news ақпарат агенттігі.

Қаланың дамуы мен болашақ жоспарлары туралы Степногорск қаласының әкімі Еркебұлан Баяхметов мәлім етті. Қала әкімінің айтуынша, өткен жылдың өзінде Степногорск қаласының өнеркәсіптік өндіріс капиталына 163 миллиард теңге көлемінде қаражат құйылған. Бұл негізінен қала бойынша индустрияландыру және кәсіпкерлерді қолдау карталары бойынша өндіріс көлемі 30 пайызға дейін өскеніне байланысты болды, – дейді қала әкімі.

Өңір экономикасының алға басуына әсіресе шағын кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі айтарлықтай басымдық көрсеткен. Бүгінде тек Степногорск қаласы бойынша ғана 3,4 мың шағын және орта кәсіпкерлер жұмыс атқаруда. Кәсіпкерлердің жемісті әрекеттерінің нәтижесінде тек өткен жылдың басынан бері ғана қала бюджетіне 2,5 миллиард теңге салық түскені осының нақты айғағы.

Қала әкімі бірнеше мемлекеттік бағдарламалар бойынша жобалардың белсенді түрде жүзеге асып жатқанын тілге тиек етті. Атап айтқанда, тек өткен жылы ғана «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына сәйкес 21 жоба қаржыландырылып, жалпы сомасы 110 миллион теңгеге кәсіпкерлерге қолдау көрсетілген.

Сонымен жалпы деректерге сүйенсек өнеркәсіптік тауар айналымының тұрақты дамуының арқасында кәсіпкерлікке 28 миллиард теңгеге қол жеткізілген. Қалада бес бірдей сүт тауары, қоян өсіретін шаруашылықтар, шағын құс фабрикалары ашылып, ел игілігіне қызмет етуде. Ал алдағы жылы асылтұқымды сүтті ірі-қара мал өсіру және мал бордақылау алаңын салу жоспарға алынған.

Брифинг барысында қала әкімі тілшілер қауымының бірқатар сауалдарына жауап берді. Журналистер қаладағы талай жылдар бойы ескірген құрылыстар мен қаңыраған үйлердің тағдырын, тұрғын үймен қамту мәселесінің жүзеге асуы сияқты басқа да маңызды жайларға назар аударды. Қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берген әкім тілшілерге алғысын білдірді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық еңбек сіңірген педагог оқу ағарту министрімен кездесті

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Қазақстанның Еңбек ері» және «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атақтарын иеленген еліміздің құрметті педагогтерімен кездесті....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img