spot_img
Жұма, Сәуір 19, 2024
22.2 C
Kokshetau

Рухани жаңғырудың негізгі кілті – Абай ілімі

Сондай-ақ...оқыңыз

Президенттің Хакім Абай туралы Бас басылымдағы мақаласымен таныстым. Газеттік нұсқасын қолыма алып, астын сызып жіті оқыдым. Əсіресе, ақын мерейтойын лайықты атап өтудің бағыттары, жүйесі, жолдары анық көрсетіледі. Абайдың ел тарихы мен руханиятына өшпес із қалдырғаны баршаға аян. Сондықтан Абай əлемінің бірегей құбылыс екендігі атап өтіледі. Бұдан басқа, Абай шығармаларынан үзінді оқу эстафетасына, оның өзектілігіне, тағылымды тұстарына мəн беріледі.

Абай шығармаларының білім беру мен тəрбиелеу ісіндегі орнына, əртүрлі өнерді, оның ішінде тіл үйрену бағытына басымдық қойылған. Маңыздысы, Абай арманы – халық арманы екендігі айқын аңғарылады. Мақаланың маңызды һəм тағылымды тұстары осында деп білемін.

«Өткен жылы Абайдың шығармаларынан үзінді оқу эстафетасы өтті. Ләйлім атты оқушы қыз ұсынған бұл елдік шараға мен де қатысып, қолдау көрсеттім. Мектеп оқушыларынан ел азаматтарына, тіпті, әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға дейін зор қызығушылық танытып, лезде іліп әкеткен бұл бастама бірнеше айға ұласты. Соның арқасында бүкіл Қазақстан Абай мұрасын тағы бір зерделеп шықты. Бұл – Абайға деген құрмет әрі ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі. Абай жырларын оқу челленджі биыл, ақын мерейтойы тұсында жаңаша жанданады деп сенемін», – деп атап өтті Президент өз мақаласында.

Абайдың елордада бір орталығы болуы, әрбір жерлерде орталықтары болуы, тіпті, сырт елдерде де Абайтану орталығының болуы туралы айтып, тілмен жеткізе алмай жүргенімізді бір-ақ мақаламен жеткізгеніне қатты қуанып отырмын.

Президенттің Абайдың аударылуына баса назар аударуы, өзінің түпнұсқа негізінде қайтадан аудартуы, қазақтың бүкіл әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, этнографиясын, мәдениетін, Абайдың шығармашылығы арқылы жеткізу – осының барлығы о бастан керек дүние. Біз Абайды өзінің биігіне көтерсек, халықтың бірлігі күшейетініне, қазақ деген ұлтты әлемнің бұдан да артық тани түсетініне кәміл сенемін. Сондықтан да біз ең алдымен өзіміздің жақсыларымызды ұлықтап алуымыз керек деп ойлаймын.

Мейрамбек ҚИЫҚОВ,
«Қазақ тілі мен мәдениеті»
қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Тіл – ұлттың жаны» , – Біржан Қайыр

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Көкшетау қаласының 1 мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі Біржан Қайыр. Ол Ақмола облысы Біржан Сал...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img