spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Магистратураға түсу үшін тест тапсырушылардан 252 смартфон алынды.

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысында талапкерлердің магистратураға түсуі үшін тестілеуден өту процессіне жүргізілген қоғамдық мониторинтің қорытындысы шығарылды. Бұл туралы «Ақмола адалдық – алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Самира Тәйтенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осыған дейін хабарлағанымыздай, Ақмола облысында тамыздың 10 – 14 аралығында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің базында кешенді тестілеу өткізілді. Ұйымдастырушылар және студенттер тарапыннан заңбұзушылыққа жол бермеу мақсатында қоғамдық мониторинг жүргізілді. Бұған байқаушы ретінде Ақмола облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері, «Ақмола адалдық – алаңы» жобалық кеңсесінің және қоғам өкілдері тартылды. Байқаушылар тестілеу залдарында орнатылған бейнебақылау камералары арқылы тестілеу процессін онлайн режимде бақылап отырды. Нәтижесінде тестілеу өткен 5 күннің ішінде 8 тестілеу залынан қуылды. Университет ғимаратына кіре берісте, рұқсат етілмеген заттар мен жабдықтар анықталды. Оның ішінде 252 смартфон бар. Жалпы, тестілеуге өтініш берген 535 талапкердің 503 қатысты. «Бұдан бөлек, біз талапкерлердің техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарына түзу кезінде тапсыратын эмтихандарына қатысуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі кезде, ұйымдастыру мәселесін шешу бойынша жұмыстары жүргізілуде», дейді Самира Тәйтенова. 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img