spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Елімізде аутизммен ауыратын балалар саны артқан

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда аутизммен ауыратын балалар ресми статистикадағы сандарға қарағанда бірнеше есе көп. Назарбаев Университетінің ғалымдары бұл мәселемен айналысып, дәрігерлерге дұрыс диагноз қоюға және осындай балалардың дамуына көмектесу үшін ауқымды зерттеу жүргізді.

Ғылыми жобаны Назарбаев университеті профессорының ассистенті Мишель Сомертон командамен бірге жүргізді. Оның айтуынша, Қазақстандағы ресми статистика аутизммен ауыратын балалардың нақты санын көрсетпейді. Себебі диагностикалық процесс негізінен субъективті және дәрігерлердің жеке бақылауларына сүйенеді.

Сомертон тәжірибелі дәрігерлер – психологтар, психиатрлар, логопедтер, педиатрлар және отбасылық дәрігерлер арасында сауалнама жүргізді. Содан кейін НУ ғалымы Қазақстанның төрт аймағында диагностикалық процеске тартылған 26 маманмен құпия сұхбат жүргізді.

«Аутистикалық сипаттамалар – тіл және әлеуметтік мінез-құлық өзгеруімен байланысты, сондықтан көптеген балаларға 6-7 жасқа дейін диагноз қойылмауы мүмкін. Кейде дәрігерлер ата – аналарды бала уақыт өте келе пайда болған проблемалардан «өседі» деп, қате пікірге сендіреді», – деп түсіндірді ғалым.

Оның айтуынша, зерттеулер жыл сайын аутизмнің табиғаты туралы неғұрлым нақты түсінік беруде, диагностикалық критерийлер де өзгеруде. Сондықтан аутизмді диагностикалауға тартылған қазақстандық мамандарды ең жаңа деректермен қамтамасыз ету өте маңызды.

«Қазақстанда кадрлар даярлау қажеттілігі жоғары, жаңа диагностикалық модельдер және бұзылудың пайда болуы мен этиологиясы туралы жаңартылған білім қажет. Оқыту тек субъективті шараларды қамтитын және пән бойынша маманның пікіріне қатты сенетін қолданыстағы хаттамалардан гөрі скрининг пен диагностиканың халықаралық танылған объективті шараларын қамтуы керек», – деп толықтырды доктор Сомертон.

Жуырда Қазақстандағы аутизм диагностикасын зерттеу авторлары Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен кездесіп, алынған деректер туралы айтып беруді жоспарлап отыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img