spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ермек Маржықпаев: Жуық арада Ақмола облысында 14 спорт кешендері жұмыс істейтін болады

Сондай-ақ...оқыңыз

Жыл өткен сайын Ақмола облысында спорт саласы қарыштап дамып келеді. Ауыл спортын дамыту мақсатында биылғы жылы дене шынықтыру кешендері Аршалы кенті мен Степняк қаласында салынды. Өңірдің он айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған брифингте облыс әкімі Ермек Маржықпаев спорт саласын дамытуға бағытталған жобаларға тоқталды,-деп хабарлайды «Aqmola News». 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бұқаралық спортты және балалар спортын дамыту мәселелері назардан тыс қалған жоқ. Спорт инфрақұрылымы жыл сайын жаңа қазіргі заманғы обьектілермен толықтырылуда,-деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі тағы үш спорт обьектілерінің құрылысы жүріп жатқанын жеткізді. Келесі жылы Ақмол ауылында, Есіл және Ерейментау қалаларында жаңа спорт кешендері пайдалануға беріледі.

Сондай ақ, келесі жылдан бастап, Қосшы ауылында спорттық сауықтыру кешенін және Щучинск қаласында «Спорт сарайының» құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта бұл нысандардың жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өткізілуде,-деді аймақ басшысы

Облыс әкімі спорт саласын дамыту мақсатында өңірде 14 қазіргі заманғы спорт кешендері жұмыс істейтіндігін айта кетті.

Сонымен қатар Көкшетау қаласында «Болашақ сарайының» «В» корпусы спорт саласына бағытталған. Қазіргі заманғы ең үздік технологиямен салынған спорт кешенінде бассейн, жаттығу залдары, спорттық ойындарды өткізу алаңдары жұмыс істейді.

Бұдан бөлек Көкшетау қаласында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған «Дарын» спорт кешені жұмыс істей бастады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img