spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

27 қазан күніне ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

27 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады. Елдің батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды «Aqmola News» Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с күшпен жел соғады, күндіз екпіні 23-28 м/с артады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы 30 м/с және одан аса күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, 15-20 м/с екпіндегі желдің күші күндіз 23-28 м/с артады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады. Күндіз екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел түнде басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Күндіз желдің екпіні 23 м/с күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында күндіз желдің екпіні 25 м/с артады.

Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img