spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau

Қорғалжында экологиялық Weekend өтеді.

Сондай-ақ...оқыңыз
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры «Ұлы дала мәдениетіндегі құстар символикасы» республикалық шығармашылық фестивалін ұйымдастырмақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақмола облысының Қорғалжын ауылындағы тұмса табиғат аясында өтетін фестиваль барысында тренингтер, шеберлік сағаттар, акциялар, спорттық турнирлер, жарқын гала-концерт өтпек. «Шара 23-24 тамызға жоспарланған. Фестивальға 100-ден астам жас қатысады. Оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар жастардың белсенді қатысуы күтілуде. Көрермен ретінде 1000-нан астам қонақ қатысады», – делінген Тұрңғыш Президент-Елбасы қорының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Фестиваль аясында «Мектепке жол» республикалық акциясы бастау алады. Қорытынды шара 24 тамыз күні, сенбіге жоспарланған. Сағат 10:40-та алты байқау алаңында түрлі аталымдар бойынша шеберлік сыныптары жұмыс істей бастайды. Сағат 11: 00-ден бастап қолөнершілер жәрмеңкесі жұмысын бастап, аудан стадионында халықтық ойындар бойынша жарыстар жалауын көтереді. Сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін спорттық туризм және рафтинг турнирі ұйымдастырлады. «Күні бойы қорықтың аумағында экологиялық квестер ұйымдастырылып, батпырауықтар мен күйші байқауы өтеді. Сағат 19.00-де фестиваль жеңімпаздары гала-концертте марапатталып, шара қазақстандық эстрада орындаушыларының қатысуымен өтетін би кешіне ұласады», – делінген ақпаратта. 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img