spot_img
Сейсенбі, Шілде 14, 2026
25.6 C
Kokshetau

Ақмолада ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі республика бойынша көш бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы құрылымдары биылғы жылы өндіріс қарқынын едәуір еселеп, өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуына жоғары серпін берген. Өткен сегіз айдың қорытынды бойынша ауыл шаруашылығының өнім көлемі 203,1 миллиард теңгені құрады, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасынан мәлім етті.

Басқарма мәліметінше елдегі пандемия кезінде өңірде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қалыпты динамиканы сақтап қалған.

Қазіргі уақытта облыста ауылды жерлерде халықтың 52,8 пайызы тұрады. Сондықтан, ауылдағы еңбек өнімділігін арттыру, халықтың тұрмыс деңгейін арттыруда ауыл шаруашылығын дамыту аса маңызды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемі 19,2 пайызға жетіп, 203,2 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш республика бойынша ең жоғары меже болып отыр, – дейді басқарма басшысы Димаш Таласбаев.

Облыста өсімдік шаруашылығы 19,5 пайызға, құс және мал сою көлемі 6,4 пайызға, сиыр сүтін өндіру 1,6 пайызға ұлғайған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттары мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты «Aqmola News» ақпарат агенттігі тіркелген кандидаттар мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика