spot_img
Жұма, Сәуір 26, 2024
13.2 C
Kokshetau

Ақмолада өрттен үш адам құтқарылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласының іргесіндегі Красный Яр селосындағы төрт қабатты үйлердің бірінің электр қалқанынан өрт шыққан. Салдарынан 22 адам қауіпсіз жерлерге көшіріліп, үш адам құтқарылды, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өрт шыққан  жерге облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 15 сарбазы мен 4 техника бірлігі жұмылдырылған. Өрт таңғы 07.50-де ауыздықталып, 8-12-де толықтай сөндірілді. Өрт кезінде қалып қойған үш адам қалып қойды. Оның екеуі балалар. Алдын ала болжамдарға сәйкес өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған. Абырой болғанда өрттен зардап шеккендер болған жоқ, – дейді Көкшетау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Әсет Жақсылықов.

Төтенше жағдайлар департаменті жылу маусымы басталар алдында өрттен сақтану үшін пеш және электр сымдарының дұрыстығын мұқият тексеру  қажеттігін ескертеді.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img