spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Ақмолалық ветеринарлық қызмет өкілдері құс тұмауына байланысты сақтық шараларын бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Көршілес Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аудандарында құс тұмауының қатты өршуіне байланысты Ақмола облысының аумағында аурудың таралуын болдырмау мақсатында шаралар қабылдана бастады, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының ветеринарлық басқармасына сілтеме жасап.

Өңірдің ветеринарлық сала қызметі облыс аумағындағы жағдай толық қатаң бақылауға алынғанын мәлімдеді.

Ақмола облысының ветеринарлық қызметі аумақтық бөлімдермен және аудан әкімдіктермен бірлесе отырып, аумақтағы  үй құстарының санын анықтау,  құстарды жыл құстарымен байланысын болдырмау үшін оқшаулауды қамтамасыз ету қажеттілігі жөнінде тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Қауіпті аймақтарда құстарды ауруға қарсы  профилактикалық иммундау өткізудің қажет болғандықтан  ветеринарлық басқарма екпе  дәрілердің қаншалықты керектігі анықталып, ауыл шаруашылығы басқармасына 510,3 мың доза екпеге өтінім берілді, – дейді ведомстводан.

Ақмола облысыны ңветеринарлық басқармасы облыстық  барлық меншік түріндегі субъектілерінен құстардың бір уақытта  қауіпті ауруға шалдығуын болдырмас үшін ветеринарлық қызметті  құстардың өлім-жітімі жайлы дереу хабарлауды өтінеді.

Ауру белгілері  табылған жағдайда жан-жануарларды мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторлар мен ветеринар мамандар келгенше оқшаулау шараларын қабылдау қажет, – делінген ведомство  хабарламасында.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img