spot_img
Сенбі, Мамыр 4, 2024
8.3 C
Kokshetau

Көкшетауда жылыту маусымында жылу төрт кезеңде беріледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда жылыту маусымында қаланы  жылуға қосу төрт кезеңде жүзеге асырылмақ.  Қазіргі уақытта ішкі жылу желілері мен магистральды жылу құбырларын толтыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды «Aqmola News». 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ 

Бұл туралы «Көкшетау жылу»  коммуналдық кәсіпорны хабарлады.

Коммуналдық мекеменің мәліметінше ең алдымен денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік  және мемлекеттік мекемелер ге жылу берілмек. Екінші кезеңде көп қабатты тұрғын үйлерге жылу қосылады.  Үшінші кезеңде «Техникалық әзірлік актісі» болған жағдайда жеке тұрғын үйлер қосылмақ. Ал төртінші кезеңде   заңды тұлғаларға жылу беріледі.

Тұрғын үйлерді жылу беру кезінде су басып кетуін болдырмау мақсатында барлық абоненттерді ішкі жылыту жүйелері мен жөндеу жұмыстарын тезірек аяқтауды сұраймыз. Тек жылу инспекциясының өкілі болған жағдайда ғана ілмекті арматураны ашуға рұқсат етіледі. Барлық жылу шаруашылығына жауапты тұлғаларды жылу энергиясын қабылдауға дайын болуды және ішкі жылу жүйелері бойынша тиімді таратуға әзір болуларын сұраймыз, – деді «Көкшетау Жылу» коммуналдық кәсіпорны жазған хабарламасында. 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ХАЛЫҚТЫҢ ЖАЙЛЫ ТҰРМЫСЫ ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛАДЫ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Бұл қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img