spot_img
Дүйсенбі, Маусым 29, 2026
17.7 C
Kokshetau

Дәрі-дәрмектің мөлшері азаймайтын 2 айлық қоры жасалуда – Алексей Цой

Сондай-ақ...оқыңыз

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда дәрі-дәрмектің мөлшері азаймайтын екі айлық қоры жиналатынын мәлім етті.

«Президенттің тапсырмасы бойынша халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бағытында бірқатар шұғыл шара қабылданды. Біріншіден пандемия басталғалы бері өңірлер құны 14 млрд теңгеге дәрі-дәрмектің 91 түріне өтінім жіберді. 2020 жылдың 22 шілдесінде бүкіл елдегі инфекциялық және провизорлық стационарлардағы дәрі-дәрмек қоры жасақталды. Бірыңғай дистрибьютор 11,4 млрд теңгеге дәрі-дәрмектің 91 түрін тиеп қоя берді», – деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Министрдің сөзінше елде дәрі-дәрмектің мөлшері азаймайтын екі айлық қорын қалыптастыру жұмыстары жүргізілді. «Бірыңғай дистрибьютор қазіргі уақытта сұранысқа ие, дәрі-дәрмектің құны 8,2 млрд теңгелік 44 түрін сатып алып жатыр. Бұл мөлшер стационарлардағы 60 мың науқасты емдеуге жетеді. Бұл бағыттағы шара дәрі-дәрмек резервін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар амбулаториялық деңгейдегі дәрі-дәрмектің тізімі кеңейтілді», – деді ол.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан өңір атанды

Ақмола облысы еліміздің ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің рейтингінде бірінші орынға шығып, ірі мегаполистер мен басқа да облыстарды...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика