spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
8.4 C
Kokshetau

Степняк қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен стадион жөнделуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Біржан сал ауданы Степняк қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы орталық стадионның жөндеу жұмыстарының 90 пайызы аяқталды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Орталық стадионның ағымдағы жөндеу жұмыстарын істеуге 25 жергілікті тұрғын тартылды. Бүгінде ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Барлық қалыпқа келтіру жұмыстарын «Көкшетаустрой» жобалау-құрылыс компаниясы ЖШС жүргізіп жатыр.

Құрылыс жұмыстары мамыр айында басталған еді. Стадион қыркүйек айында толық дайын болады,-делінген Біржан сал ауданының әкімшілігінің инстаграм парақшасындағы хабарламада.

Бүгінде баскетбол және волейбол алаңдарының асфальті төселініп, тратуар да салынған.

Жүгіру жолағы мен көлік қою орны да асфалтталды. Стадионның негізгі алаңдарынына газон жабындысы төселді. Енді фотбол қақпасы бой көтереді.

Осылайша жаңа стадион жаңғыртылып, келушілерге серпіліс сыйлайды деген үміт бар.

Стадионда негізінен түрлі қоғамдық шаралар мен концерттер және түрлі жарыстар ұйымдастырылады.

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Достық пен татулықтың ордасы

Қаламыздағы «Достық және шығармашылық үйі» 2005 жылы ашылып, қалада құрылып жатқан этно-мәдени бірлестіктер мен ұлттық орталықтардың келісімі мен татулығының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img