spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
23.2 C
Kokshetau

28 тамыз күнгі ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

28 тамыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың тек солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай мен жаңбыр болжанады. Жекелеген өңірлерде желдің күшеюі, дауыл, тұман күтіледі, шығыста бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.

«Қазгидрометке» РМК мәліметіне сәйкес, жұма күні Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, желдің екпіні күндіз 23 м/с артады, бұршақ жаууы ықтимал. Таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Қызылорда облысында, Түркістан облысының кей жерлерінде, Атырау, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика