spot_img
Жұма, Қазан 18, 2024
10.2 C
Kokshetau

«Жастықтың оты қайдасың?!» қойылымы көрерменге жол тартты

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда Абай Құнанбайұлының 175- жылдығына арнап «El jastar » театрының жас актерлары перформанс жанрында қойылым қойды. Данышпан Абайдың адамзаттық рухын насихаттау мақсатында сахналанған қойылым режиссері Фархатбек Қанафин. Ерекше сипаттағы спектакльге 17 жас актер қатыстырылды,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Ақмола облысында тұңғыш рет сахналанып отырған бұл қойылымда Абай мен Тоғжан бейнесі, Ескендір поэмасындағы байлық пен кедейшілік тақырыбы, ұлы ойшылдың адам болуға үндеудегі үлгілі істері мен өсиеті көрініс тапқан. Жас өнерпаздар ғалымның шығармашылық мұрасын, қара сөздерін аз ғана реквизиттер мен ақ, жан тебірентерлік әуен мен қанды қоздырарлық бимен көркемдеп, жастықтың жалынымен үндестіре білді.
Спектакльдің соңында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова сөз сойлеп, өңір басшысының құттықтауын жеткізгеннен кейін жазушы, публицист «Ақмола-Тіршілік» ЖШС директоры Жабал Ерғалиұлы өзінің ыстық лебізі мен құттықтауын білдірді. Келесі кезекте, Ж. Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Нұртас Ахатұлы жастарға сәт-сапар тілеп, сонымен қатар, «El jastar» театрына 250000 мың теңгелік сертификатты табыстады.
Қойылымның премьерасы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің мәжіліс залында 11,12 ақпан күндері жалғасатын болады.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img