spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмолалық жоқ медициналық маска үшін елу мың теңгеден астам ақша аударды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық аты бар да заты жоқ маскалар үшін 50 мың теңгеден астам ақшаны алаяқтың шотына аударып жіберді, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Медициналық маска алмақ болған жігіт танымал хабарландырулар сайтына тапсырыс берген.

 Арыз берген сәтте ақмолалық жәбірленуші азамат сатушының есепшотына 51 мың теңгені аударып жіберген. Осыдан кейін ер адам қанша хабарласқанымен сатушымен байланыс үзілген. «Anti-fraud» жедел-профилактикалық шаралар шеңберінде жедел іздестіру шараларын өткізу барысында осы жылдың 18 тамызында тәртіп сақшылары 31 жастағы Нұр-Сұлтан қаласы азаматшасы ұсталды. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 190 «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдаы жүргізілуде, – деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсем Әбдірахманова.

Тәртіп сақшылары пандемия кезінде алдаудың жаңа әдістерін қолданатын алаяқтардан сақ болып, белгісіз адамдарға алдын ала ақша аударудан аулақ болуға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысында 18-20 тамызда ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалған алаяқтық құқықбұзушылықтармен күреске бағытталған «Anti-fraud», республикалық жедел-профилактикалық шаралары ұйымдастырылуда.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img