spot_img
Сенбі, Мамыр 24, 2025
8.7 C
Kokshetau

Сандықтау ауданында 100-ге жуық ағаш заңсыз кесілген

Сондай-ақ...оқыңыз

Сандықтау ауданындағы Үлкен Түкті орман шаруашылығы аумағында 100-ге жуық қарағай ағаштары заңсыз кесілген. Бұл туралы Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы табиғатты қорғау прокуратурасының талабы бойынша жүргізген рейд кезінде белгілі болды, деп хабарлайды «Aqmola News » тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сандықтау аудандық ПБ жедел-тергеу тобы тексеру барысында анықтағандай, Үлкен Түкті орман шаруашылығының мемлекеттік орман қоры аумағындағы Каменск орманшылығында 96 ағаш кесіліп, 9 жас ағаштың тамыры кесілген. Сонымен бірге, Үлкен Түкті орман шаруашылығы мекемесі бұл ағашты кесуге рұқсат бермегені және мемлекетке 700 мың теңгеден астам шығын келтірілгені анықталды. Қазіргі кезде Сандықтау аудандық ПБ қызметкерлері кінәлі тұлғаларды анықтау және жауапқа тарту үшін сотқа дейінгі тергеу амалын жүргізіп жатыр», – дейді ведомстводан.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Еңбегімен ел мерейіне бөленген ұстаз

Нұрия Жаңабаева Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінде 1992 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол отыз алты жыл бойы ұстаздықтың қыр-сырын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика