spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Бейруттегі ереуілдерден 700-ден астам адам зардап шекті

Сондай-ақ...оқыңыз

Бейруттегі ереуілдер әлі тоқтаған жоқ. Ливан астанасында өткен ереуілдерден 700-ден астам адам зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ливан астанасындағы ереуілдер әлі тоқтаған жоқ.

Ереуілшілер ел президенті мен премьер-министрдің отставкаға кетуін, әрі аймақта мерзімнен бұрын сайлау өткізіп, портта болған жарылысқа қатысты әділ тергеу жүргізуді талап етіп отыр.

Жарылыстан кейінгі іздестіру-құтқару жұмыстары әлі аяқталмады. Бірнеше ондаған азамат іс-түзсіз жоғалғандардың қатарында. Елге келген шетелдік сарапшылар болса, жарылыс орнында 43 метрлік шұңғыма түзілгенін мәлімдеді.

Бейрутте жарылыстан кейінгі ереуілдер басылар емес. Бұл жолы қаланың қақ ортасына шамамен он мыңнан аса адам жиылған. Бейбіт митинг соңы тәртіп сақшыларымен жаппай қақтығысқа ұласты. Ереуілшілер полицейлерге тас лақтырып, таяқпен ұра бастаған. Ал, кейбір наразы жұрт тіптен парламент ғимаратына қойылған қоршауды бұзып өтпек болады. Одан бөлек, ереуілшілердің бірнеше тобы Сыртқы істер министрлігінің ғимаратын басып алған. Тәртіп сақшылары жиналғандарды тарату үшін көз жасаурататын газ бен резеңке оқ аша бастады. Салдарынан 728 адам зардап шекті. 1 полицей көз жұмып, 70 тәртіп сақшысы жарақат алды. 19 ереуілшінің қолына кісен салынды.

Өткен аптадағы жарылыстан енді есін жиған жұрттың талабы бір – биліктің отставкаға кетуі. Өйткені басшылық қауіпті затты алты жыл бойы сақтап, салғырттық танытқан. Одан бөлек, елдің экономикалық жағдайы да тұрғындардың көңілінен шықпайды. Ереуілшілердің бұл бастамасын АҚШ тарапы қолдады. Дипломатиялық өкілдіктің ресми сайты «Ливан жұрты ұзақ уақыт зардап шекті. Біз жаппай ереуілдерді қолдаймыз» деген мәлімдеме жариялады. Сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамп Ливан халқына қажетті көмекті көрсетеміз деп отыр.

Бейруттегі кемежайда іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Айта кетейік, жарылыстан 150-ден астам адам көз жұмып, алты мыңдай тұрғын зардап шеккен болатын.Тағы 300 мыңдай адамның баспанасы қирап қалған. Елге келген шетелдік сарапшылар жарылыстың қуатты болғаны соншалық, ол жерде қазір 43 метрлік шұңғыма түзілгенін айтады. Ал, кеше ғана тәртіп сақшыларымен қақтығысқа түскен жұрт болса «бүгін тағы ереуілге шығамыз» деп отыр.

Айта кетейік, оқиға орнына келмек болған екі министрді ашуға булыққан жергілікті тұрғындар қуып шыққан. Тіпті елдегі ахуалға байланысты бүгінде қоршаған орта және әкімшілік даму министрі Дамианос Каттар мен ақпарат министрі Манал Абдель Самад өз еріктерімен отставкаға кетті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img