spot_img
Бейсенбі, Сәуір 16, 2026
0.7 C
Kokshetau

Қытай елшілігі Абай күнінде «Көзімнің қарасы» әнін орындады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қытай Халық Республикасының Алматыдағы бас елшілігінің қызметкерлері Абайдың 175 жылдығына орай  «Көзімнің қарасы» әнін орындап, ұлы ақынға деген құрметтерін білдірді, деп хабарлайды  » Aqmola   News».

Елшіліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша,  Абайдың әнін орындау арқылы олар Қазақстан мен Қытай арасындағы дәстүрлі достықтың нышанын білдіргілері келген.

«Абай Құнанбайұлы – қазақтың ұлы ақыны, философы, ойшылы. Ол тек қазақ халқының ғана мақтанышы емес, әлемге әйгілі тұлға. Оның әдеби шығармалары терең философиялық мағынаға ие,  ақынның сенімі мен ғылымға деген ұмтылысы, шыншылдығы барша адамзаттың игілігіне айналды. Бүгінгі ерекше күні ҚХР Алматыдағы елшілігі қазақстандық достарына жақсы тілектерін білдіріп, COVID-19 вирусын түбегейлі жеңуді тілейді»,- делінген хабарламада.

Айта кетейік, биылғы жылдан бастап 10 тамыз Қазақстанда Абай күні болып жарияланды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қосшыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында мыңға жуық тұрғын қатысқан ауқымды экоплоггинг өтті

Биыл Қосшы қаласы қала мәртебесін алғанына бес жыл толуын атап өтуде. Бұл шешім елді мекеннің дамуына серпін берген стратегиялық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика