spot_img
Жексенбі, Тамыз 24, 2025
21.2 C
Kokshetau

Қорғалжында соңғы науқас коронавирустан жазылып шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Қорғалжын  ауданында провизорлық стационардан  соңғы науқас коронавирус індетінен толықтай жазылып үйіне қайтарылды, – деп хабарлайды «Aqmola News».  

Жалпы  аудан ауруханасының жанынан ашылған стационарда екі ай ішінде-ақ 179 адам ауыр індеттен айығып шыққан. Бір атап өтерлігі   провизорлық стационарда көз жұмғандар тіркелмеген.   Стационарда 64 медицина қызметкері күн-түн демей науқастардың өміріне араша түсіп,   еңбек еткен.

Қазіргі таңда аурухана барлық қажетті дәрі-дәрмекпен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.  Өкпені жасанды  жолмен  тыныс алу алдыратын екі аппарат, 13 оттегі концентраторлары, отыздан астам 31 пульсоксиметрлер бар. Олардың көпшілігін ауданның атымтай жомарт  адамдарының қайырымдылық көмегі есебінен сатып алынды. Бір қуантарлығы індеттің беті қайтып, жағдай тұрақталып келеді. Соңғы науқасты шығарып салдық. Дегенмен, коронавирус  індеті ушыққан жағдайда жұмыс қайта жалғасатын болады, – дейді Қорғалжын аудандық ауруханасының бас дәрігері Марал Архабаева.

Қазір провизорлық стационар жабылып жұмысын тоқтатты. Дәрігерлер енді  жағдай қайта ушығып, науқастар түспейді деген үмітте.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика