spot_img
Сейсенбі, Мамыр 12, 2026
8 C
Kokshetau

Қазақстанда халық санағы 2021 жылға қалдырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда 2020 жылдың 1-30 қазан аралығында өтеді деп жоспарланған халық санағы 2021 жылға ауыстырылды, деп хабарлайды «Aqmola News» ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетіне сілтеме жасап.

«ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын өткізу 2020 жылғы 1-30 қазан аралығына жоспарланған еді. Елімізде коронавирус инфекциясының таралуы мен енгізілген карантиндік шектеу шаралары бойынша қалыптасқан жағдайға байланысты Ұлттық халық санағын 2021 жылдың қазанына ауыстыру туралы шешім қабылданды», – делінген хатта.

Ұлттық халық санағын өткізу әдістері өзгеріссіз қалады, яғни 2021 жылы 1-15 қазан аралығында мамандандырылған sanaq.gov.kz сайтында интернет-сауалнама жүргізіледі, 1-30 қазан аралығында мәліметтерді жинау үшін интервьюерлер жауаптарды планшеттерге тіркей отырып, халыққа жаппай сауалнама жүргізеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Шайбалы хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы элиталық дивизионға шықты

Шайбалы хоккейден Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан I дивизионның әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Украинаны жеңіп, мерзімінен бұрын элиталық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика