spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
5.4 C
Kokshetau

7 тамыз күніне ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады, дауылды жел күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды  «Aqmola News» Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қарағаңды облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с сақталады, кей жерлерде – бұршақ күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, дауыл күтіледі, күндіз – бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысында кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қызылорда, күндіз Атырау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде – бұршақ күтіледі.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Атырау, Павлодар облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрметті қала және аудан тұрғындары!

«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға тегін ақпараттық және құқықтық қолдау көрсетілуде. Егер сіз: ✔️ 90 күннен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика