spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында ірі өндірістік жобалар жүзеге асырылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімдігінде облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен – Unicorn Holdings LTD инвесторлық компанияның басшылығымен кездесу өтті, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Компания Зеренді ауданының аумағында (Көкшетау қаласының маңында) бірқатар қайта өңдеу нысандарын, оның ішінде қуаттылығы сағатына 18 тонна құрайтын құрама жем зауытын, жалпы құны шамамен 65 миллиард теңге болатын жылына 50 мың тонна ет өндіретін құс фабрикасын салуды жоспарлап отыр.
Кездесу барысында жүзеге асырулуы тиіс жобалардың бүгіні мен болашағы, сондай-ақ мемлекеттік қолдау тетіктері талқыға түсті.

Облыс әкімі өкілетті органдарға іргелі жобаларды орындауда барынша ықпал етуді тапсырып, ол үшін тиісті жол картасы бағдарламасы жасалатынын жеткізді.

Аталған жобалар шеңберінде 600-ден астам жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланған. Сондай-ақ, нысандарды салу кезінде 2021-2025 жылдары тағы 100 адам жұмыспен қамтылмақ. Мұнымен қоса жоспарға сәйкес жанама бизнес (қаптамалар, ритейл, ветеринарлыққ препараттар т.б.) сонымен қатар жергілікті құрылыс материалдары өндірісі де дамиды. Өнімдерді ішкі нарықты, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласына азық-түлік белдеуін қамтамасыз етуге, Ресей және Қытайға экспортқа жіберу көзделіп отыр, – дейді Ермек Маржықпаев.

Жобалар көлемі жөнінен ТМД аумағындағы Үздік-20 және Қазақстан Республикасындағы аса ірілерінің  бірі болуы мүмкін.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img