spot_img
Сәрсенбі, Тамыз 19, 2026
21.2 C
Kokshetau

Ақмолалық дәрігерлер індетке шалдыққандарды емдеуде қымыз қолдануда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық дәрігерлер коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу үшін қымыз қолдануда, деп хабарлайды «Aqmola News».  Бұл туралы Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

Көкшетаудағы облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері жанынан ашылған инфекциялық орталықта науқастарға қымыз берілуде. Індетке шалдыққандарға ұлттық сусыннан бөлек, қазы-қарта мен ет сорпасы да берілуде. Ұлттық тағамдар таза ауада ұсынылып келеді.

Дәрігерлердің айтуынша, қымыздың адамның иммунитетін көтеруге, ағзаны қалпына келтіруге әсері зор. Сусынды тұрақты ішкен сырқат жандардың аурудан айығуы жылдам жүреді. Мәселен, соңғы аптада емдеу мекемесінен сауығып шыққандардың қатары көбейген. Осыдан 1 ай бұрын ауруханада 80-90 науқас болса, қазір 38 адам ем алып жатыр.

Қымыз инфекцияны емдеуде өте тиімді. Құрамында адам ағзасын иммунитеттік қабілетін арттыратын түрлі дәрумендерге бай жылқы сүті науқастардың бірден жазыла бастауына себепші болды. Қымыз терапиясын қолданып жатқанымызға екі аптадан асты. Нәтижесі өте қуантарлық. Аурудан айығып емделіп шығып жатқандардың саны күн санап өсіп келеді, – дейді коронавирус инфекциясын емдеу бөлімшесінің меңгерушісі Лилия Высоцкая .

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Біржан сал ауданында сайлауға дайындық мәселелері қаралды

Ағымдағы жылдың 13 тамызында Біржан сал ауданы әкімдігінде аудан әкімі төрағалығымен, аудан прокурорының қатысуымен аудандық жедел штабтың отырысы өтті. Жиында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика