spot_img
Сейсенбі, Тамыз 18, 2026
19.2 C
Kokshetau

Степногорск: Жергілікті өндіріс орындары аурухананы медициналық құрылғылармен қамтамасыз етуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Степногорск қаласында да жергілікті өнеркәсіп  орындары коронавирус инфекциясымен күреске қаржылай қолдау білдіруде. Солардың бірі «Қазақалтын» ТМК» акционерлік қоғамы Степногорск қаласындағы көп салалы ауруханаға жасанды тыныс алу аппаратын сатып алды, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ 

Бұл туралы Степногорск қаласы әкімдігінен хабарлады.

Кәсіпорын құны 23 миллион теңге болатын жабдықты коронавирус  және пневмониядан зардап шеккен адамдарға жеткізуді жөн санапты.

Осы қиын кезеңде біз шетте қала алмадық және концерніміздің ұжымы атынан жерлестерімізге көмектесуді ұйғардық. Сіздер емес, біз сіздерге алғысымызды айтуымыз қажет. Бұл көрсетіліп отырған көмектің бір ғана көрінісі, – деп атап өтті концерн бас директоры Баламир Маханов.

Компания бұдан бөлек 19 миллион теңге сомасына 20 оттегі концентраторларын да ауруханаға тарту етпек.

Степногорск қалалық көпсалалы ауруханасының бас дәрігері Ольга Ищукова да кәсіпорын басшылығына ризашылығын білдіріп, медициналық жабдықтардың науқастардың өмірі үшін аса маңызды екенін атап өтті.

«Қазақалтын» кәсіпорны тыныс алу аппараты мен 10 оттегі концентраторларын Шортанды аудандық ауруханасына да жеткізуді көздеп отыр. Өндіріс орны аталған медициналық жабдықтарды сатып алуға 35 миллион теңгеге жуық қаржы бөлген.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ашық диалог және жауапты өкілдік

Куаныш Оспан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық кітапханасының директоры. Меніңше, бүгінде қоғам сайлауға бұрынғыдан да саналы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика