Жарқайың ауданында ҚР Президентінің көмекшісі Тамара Дүйсенованың тапсырмасына сәйкес «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» өткізілді, – деп хабарлайды «Aqmola News».
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Бұл туралы Жарқайың ауданы әкімдігі мәлім етті.
Санитарлық-карантин нормалары толықтай сақталған шараны аудан әкімінің орынбасары Дулат Сыздықов пен Жарқайың аудандық прокурорының аға көмекшісі Қуандық Көкен жүргізген.
Қабылдау барысында негізінен тұрмыстық мәселелер жайымен келген азаматтар өз арыз-шағымдарын білдірді. Мәселен Державинск қаласының тұрғыны Алла Васильева тұрғын үй алуда қиындықтарға тап болғанын мәлім етті. Оған қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсінік берілді. Сондай-ақ Сергей Привалов есімді қала тұрғыны қойма жағдайы жөнінде өз мәселесін ортаға салды. Аудан әкімінің орынбасары алдағы уақытта көмек көрсетілетініне уәде берді, – дейді Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметінен.
Азаматтардың айтылған арыз-шағымдары толықтай қаралып, жуық арада тиісті жауаптар берілмек.