spot_img
Сейсенбі, Мамыр 21, 2024
8.4 C
Kokshetau

Жарқайың: Аудан әкімдігінде «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» өткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Жарқайың ауданында ҚР Президентінің көмекшісі Тамара Дүйсенованың тапсырмасына сәйкес «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» өткізілді, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бұл туралы Жарқайың ауданы әкімдігі мәлім етті.

Санитарлық-карантин нормалары толықтай сақталған шараны аудан әкімінің орынбасары Дулат Сыздықов пен Жарқайың аудандық прокурорының аға көмекшісі Қуандық Көкен жүргізген.

Қабылдау барысында негізінен тұрмыстық мәселелер жайымен келген азаматтар  өз арыз-шағымдарын білдірді.  Мәселен Державинск қаласының тұрғыны Алла Васильева  тұрғын үй  алуда қиындықтарға тап болғанын  мәлім етті.  Оған қолданыстағы заңнамаға сәйкес  түсінік берілді. Сондай-ақ Сергей Привалов есімді қала тұрғыны  қойма жағдайы жөнінде өз мәселесін ортаға салды. Аудан әкімінің орынбасары алдағы уақытта көмек көрсетілетініне уәде берді, – дейді Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметінен.

Азаматтардың айтылған арыз-шағымдары толықтай қаралып, жуық арада тиісті жауаптар берілмек.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» халықтық би ансамблі

 «Көкшетау» халықтық би ансамблінің «Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» атты мерейтойлық концерттік бағдарламасы жоғары деңгейде өтіп, көрерменінің тағы бір мәрте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img