spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Жол, ауыз су, жарық бойынша тұрғындар қала әкіміне сұрақтар қойды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайыловтың есептік кездесулері жалғасуда. Тұрғындар түйіткілді мәселелері бойынша  қала әкіміне сауалдар жолдады, -деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

«Бірлік» шағын ауданының тұрғындары  30 жылдан бері шетке ысырылып келе жатқан жол мәселесін көтерді. Әсіресе, балалар мен жаяу жүргіншілердің мектеп пен балабақшаға қатынайтын жолдың көктем мен күз уақытында саз-балшықтан арылмай, қиындық тудыратынын айтып шағымданды. Аудан тұрғыны Наталья Заблудскаяның айтуынша көше бойында бірде бір жарық жоқ. Қыс айларында таңғы және кешкі уақытта тас түнек қараңғы болғандықтан аяқ алып жүру мүмкін емес көрінеді…

Бұл аудан жылдар бойы ауыз суға да жарымай келеді. Сапалы суға қол жеткізе алмай келе жатқан тұрғындарға қала құрылыс бөлімінің жетекшісі Ержан Шәкіржанов жауап берді:

– 2014-ші жылы «Бірлік» шағын ауданын сумен жабдықтау бойынша жоба қолға алынған болатын. Тендер өткізіліп, оған жауапты мердігер де анықталған. Алайда, 2017-ші жылы екі министрліктің ауысуына байланысты жобаға тағы да түзетулер енгізу қажет болды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта біртіндеп шешілетін болады,- деді Ержан Шәкіржанов.

Қала әкімімен кездесуге келген тұрғындардың басым көпшілігі әкімге коммуналдық саладағы ұзақ жылдар бойы қордаланған мәселелерді жеткізді. Көпшілік жаяу жүргіншілер жолы салынып, көшелер абаттандырылса, және жарықтар орнатылып, ауыз су мәселесі шешілсе деген сияқты тілектерін білдірді.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img