spot_img
Сәрсенбі, Наурыз 12, 2025
-20.3 C
Kokshetau

Заңсыз аң аулаған жазасыз қалмайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында 6 қаңтардан 5 ақпанға дейін «Броконьер» жедел-алдын алу шаралары өтуде, -деп хабарлайды Aqmola news ақпарат агентігі.

Екі аптадан бері Полиция қызметкерлері орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесе отырып аңшыларды бақылады. Тәртіп сақшылары аң аулау ережелерін бұзғандар мен браконьерлерді әшкерелеуді мақсат етіп отыр екен.

«Әсіресе Аңшылық қаруларын тасымалдау мен көші-қон заңнамаларын тиісінше орындауға ерекше назар аударылуда. Сондықтан да оқ-дәрілер мен қарулардың тиісті құжаттары талап етіліп, барлық көліктер тексерілуде»,-дейді Полиция Департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Серік Баймұқанов.

Шара барысында арнайы мобильді топтар 127 әкімшілік заңбұзушылықты анықтаған. Оның 68-і аңшылық ережелерін бұзса, 26-сы заңсыз балық аулаған. Балық ресурстарын заңсыз аулау және аң аулау бойынша тағы 4 қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері 9 заңсыз қару тәркілеген.

Экологиялық полиция тобының аға инспекторы Анар Түкенованың сөзінше, Заң аясында браконьерлік үшін қылмыстық жауапкершілік нығайтылған. Заңсыз аң аулау қылмыстық құқық бұзушылықтан жеңіл қылмыс санатына ауыстырылып, браконьерлікке , жануарлар әлемін қорғау инспекторлеріне қысым көрсету, өмірлеріне қауіп төндіруге байланысты заңдар күшейтілген.

Ескерте кетерлік бір жайт, егер сіз заңсыз аң ауласаңыз 337-баптың 1 тармағында 3000 АЕК мөлшеріндегі айыппұл төлейсіз немесе 800 сағат қоғамдық жұмысқа тартыласыз, я болмаса сізді 3 жыл бас бостандығынан айыру және белгіленген қызметтерде жұмыс істеу құқығынан айыру жазасы күтіп тұр!

Айта кетейік, жедел алдын алу шарасының алғашқы күнінде ақ браконьерлікпен айналысқан 40 жасар аңшы құрықталып, бірнеше заңсыз қару тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүруде. Сонымен қатар, заңсыз аң аулаудың, ақбөкендерді сатып алу мен сатудың алдын алу үшін 15-25 қаңтар аралығында облыста кең ауқымды «Сайғақ» алдын-алу шарасы өткізіледі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

*Үкімет бірыңғай сағаттық белдеуді енгізу туралы шешімді толықтай қолдайды – Е.Көшербаев*

Бүгін Мәжілістегі «AMANAT» Фракциясының мүшелері өзгерген уақыт белдеуінің халықтың физикалық және психикалық денсаулығына, еңбек өнімділігіне және энергетикалық ресурстарды тұтынуға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img