spot_img
Жұма, Мамыр 23, 2025
13.9 C
Kokshetau

8 шілдеге ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазгидромет мамандары 8 шілде күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың солтүстік-батысында, солтүстікте, орталықта және шығыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Оңтүстікте және батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі, күндіз шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде және таңертен тұман түседі. Павлодар облысының кей жерлерінде жел қарқыны – 18 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, шаңды дауыл тұрады.

Ақтөбе, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні – 15-20 м/с. Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында күндіз аптап ыстық болады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық оқушы биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Көкшетау қаласының №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Егор Менгулов Сочи қаласында (Ресей) 2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында өткен биология...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика