spot_img
Дүйсенбі, Қыркүйек 23, 2024
10.2 C
Kokshetau

Мектептер мен мәдениет ошақтары қалыпқа келтірілмек

Сондай-ақ...оқыңыз

Сандықтау ауданында бірқатар әлеуметтік нысандарға оның ішінде мектептер мен мәдениет үйдеріне «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жүргізіледі. Ұзақ жылдар жөндеу көрмеген бірқатар білім және мәдениет ошақтарына биыл облыстық бюджеттен қомақты қаржы бөлінді деп хабарлайды Aqmola news ақпарат агенті.

1965 жылы іргетасы қаланған Сандықтау орта мектебінде бүгінгі күні шағын балабақша жұмыс істейді. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2020 жылы мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 238,4 миллион теңге қаражат бөліну жоспарланған. Аудан орталығындағы №1 Балкашин орта мектебі де көптен жөндеу көрмеген. Биылғы жылы бұл мектепке де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сандықтау селолық клубы мен аудандық мәдениет үйінің де тозығы жетіп, жылу жүйелері мен шатыры ескірген. Мәдениет ошағын қалыпқа келтіруге бюджеттен 31,8 миллион теңге қаражат бөлінген.

Өткен жылдың желтоқсан айында 39 миллион теңгеге аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінде жаттығу залы жас спортшылардың қажетіне жарап тұр.

Аудандағы «Мирас» балабақшасы да, 2020 жылдың жоспарына енгізіліп, бүлдіршіндердің игілігі үшін 53,2 миллион теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынбақ. Бұл балабақшаға 2007 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Содан бері өткен он жылдан астам уақытта ғимарат біраз тозған. Бала бақшаның 1975 жылы салынғанын ескерсек, заман талабына сай қайта жаңғырту қажеттігі анық байқалады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау жастары «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысты

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы»  Көкшетау қаласы, «Кіші амфитеатр» маңында республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясын өткізді. Бүгінде бүкіл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img