spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Елдің бірқатар аймақтарында бұршақ жауып, жел күшейеді

Сондай-ақ...оқыңыз

26 маусым күні Қазақстаның басым бөлігінде жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Еліміздің тек батыс бөлігінде жұма жауын-жашынсыз өтеді. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, дауыл, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл болжанады, деп хабарлайды   «Aqmola News» Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай облысында дауыл күтіледі. Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Күндіз Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрады.

Атырау облысының түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел болады. Күндіз оның екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Алматы облысында күндіз қатты ыстық күтіледі. Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img