spot_img
Сенбі, Тамыз 22, 2026
13.9 C
Kokshetau

Державинск қаласының 60 жылдығына орай «Жастар» шағын ауданында жаңа аллея ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Жарқайыңда жасыл бастама елдік рухпен үндесті. Бұл тарихқа тағзым, болашаққа бағдар. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ашылған «Ардагерлер аллеясы» ұрпақтар сабақтастығының символына айналмақ.
Жарқайыңда ауқымды экологиялық жоба жүзеге асты. «Жастар» шағын ауданында салтанатты түрде «Ардагерлер аллеясы» ашылды. Бұл бастама елді мекенді көркейтіп, ауданның дамуына үлес қосқан аға буын өкілдеріне құрмет көрсетуді мақсат етеді. Аллея аумағына бұған дейін 200-ге жуық қарағай көшеті отырғызылған.

«Мына жерде біз аллеяны бастағанбыз, енді ардагерлер көшеттерді өз қолдарымен салсынбірігіп жасап жатырмыз. Бюджеттен қаражат бөлінді. Ішіне енді дорожка салып, брюсчатка төсейміз. Бір екі жерден беседкалар жасаймыз. Сонымен ертең сіздерге демалуға керемет орын болады.» – ЕРБОЛ ЖҮСІПБЕКОВ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Салтанатты шараға волонтерлер, ардагерлер кеңесінің мүшелері мен жергілікті тұрғындар белсене қатысты. Мұндай игі істер экологиялық мәдениетті қалыптастырып, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтады,-дейді ұйымдастырушылар.

««Таза Қазақстан» акциясы аясында ардагерлерге арналған аллеяның ашылуы өтуде. Барша аудан тұрғындарын табиғатты аялауға, осындай игі шараларға белсене қатысуға шақырамын.» – ӘЙГЕРІМ МҰХАМБЕТЖАНОВА, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ПРИГОРОДНОЕ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНІҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ПРЕЗИДЕНТІ

Шара соңында қатысушылар аллеяны көгалдандыру жұмыстарына атсалысып, жасыл желектің жайқалуына өз үлестерін қосты. Болашақта бұл аллея бірлік пен тағзымның, ұрпақтар сабақтастығының жарқын нышанына айналмақ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылтай – қоғам мен билік арасындағы ашық диалогтың жаңа алаңы

Ақылбек Данабек Қосшы қаласы мәслихатының депутаты Менің ойымша, Құрылтайдың құрылуы - қазіргі саяси жүйенің дамуындағы маңызды кезең. Бүгінде қоғам белсенді бола...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика