spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Туған жер: Ақмола облысында бірқатар әлеуметтік нысандар салынды.

Сондай-ақ...оқыңыз
Кәсіпкерлер туған жерге ерекше қамқорлық танытуда. Бұл туралы Целиноград ауданының әкімі Малғаждар Тәткеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігінің қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі бастамасымен ауданда «Туған жер бағдарламасы» аясында «Атамекен» кіші бағдарламасы қолға алынып, бірнеше бағыттар бойынша іс-шаралар атқарылуда», – деді Малғаждар Тәткеев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Аудан әкімінің айтуынша, «Туған жер» арнайы жобасының «Атамекен» кіші бағдарламасы – «Жергілікті бастамалар картасы» және «Жомарт жүрек» шеңберінде аудан орталығы Ақмола ауылында «Рухани жаңғыру», «Белсенді көпжасау орталығы», «Отбасы орталығы», спорт алаңы және көпбейінді корт сияқты бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтерді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Монессори кабинеті бар тұлғаны дамыту орталығы, «Барлығы рахмет үшін» қайрымдылық дүкені ашылды. «Рухани жаңғыру» саябағында «Ұлы даланың ұлы есімдері» аллеясы, 13 Еңбек ері даңқ аллеясы ашылып, Целиноград аудандық өлкетану мұржайының құрылысы басталды»,- дейді әкім. Брифингте айтылғандай, ауданда «Киелі жерлер» арнайы жобасы да ойдағыдай жүзеге асырылуда. «Қабанбай ауылында Достық орталығы ашылды. Тайтөбе ауылында жергілікті тұрғындар этноауыл ұйымдастырды. Саяси-қуғын сүргінге ұшырған мұсылман әйелдердің құрметіне «Аналар рухы» мешіті салынды. Праваславл шіркеуі мұражайының іргесі қалануда. 2017 жылдың күзінде елімізге танымал тарихшы-этнограф Жамбыл Артықбаев бастаған этнологиялық экспедиция барысында Қабанбай және Көбек батырлардың, Ақмола уезінің аға сұлтаны Ыбырай Жайықпаевтың, Қырықбай әулие жерленген орындар мен кесенелер туралы қызықты материалдар жинастырылды. Бүгінгі күні өңірдің табиғи әсем жерлері – Майлантау төбесі мен Сарыкөл тұзды көліне келушілер саны артты», – дейді аудан басшысы. Сонымен қатар, аудан әкімі «Туған жер» рнайы жобасы бойынша жүзеге асырылған бірқатар нақты шараларға тоқталды. 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img