spot_img
Бейсенбі, Ақпан 19, 2026
-15.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында 4700 жанашыр азамат донор атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыстық қан қызметі донорлық қозғалысты дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Жыл ішінде 8036 донация жасалып, 4700 адам донор ретінде қан тапсырды. Осы жанашыр жандардың арқасында 18 мың доза қан компоненті дайындалды. Мұндай көлем күн сайын науқастардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Мамандардың айтуынша, донорлық – бұл жай ғана медициналық рәсім емес, қоғамдағы жауапкершілік пен жанашырлықтың айқын көрінісі.

«Әрбір тапсырылған қан – біреудің өміріне берілген мүмкіндік. Донор болу арқылы адам бірнеше науқасқа үміт сыйлай алады», – дейді қан қызметінің өкілдері.

Жыл бойы 50 көшпелі донорлық акция ұйымдастырылды. Бұл шаралар қан тапсыруға ниетті азаматтар үшін қолжетімділікті арттырып, жаңа донорларды тартуға жол ашты. Акцияларға денсаулық сақтау саласының өкілдері де белсенді қатысып, донорлық қозғалысты қолдады.

Сонымен қатар, материалдық-техникалық базаны нығайтуға да ерекше көңіл бөлінді. Өткен жылы жергілікті бюджет есебінен 13 бірлік медициналық жабдық сатып алынған. Жаңа құралдар қан компоненттерін дайындау, өңдеу және сақтау сапасын арттырып, қауіпсіздік талаптарын күшейтеді.

Қан қызметі облыс еріктілерімен, Төтенше жағдайлар департаментімен, Полиция департаментімен, студенттермен және мемлекеттік қызметшілермен тығыз ынтымақтастық орнатқан. Бұл жұмыс донорлық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамда қайырымдылық құндылықтарын насихаттауға бағытталған.

Мемлекет басшысының қоғамда жауапкершілік пен өзара көмек мәдениетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында, сондай-ақ жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясын қолдау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі 2026 жылдың ақпан айын ерікті өтеусіз донорлық айы деп жариялады. Бұл бастама донорлық қозғалысты одан әрі күшейтуге бағытталған.
Донорлық – бір адамның қарапайым шешімі арқылы өзге жанға өмір сыйлаудың жарқын үлгісі. Бір рет қан тапсыру – біреудің тағдырын өзгертуі мүмкін. Сондықтан донор болу – қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік әрі шынайы жанашырлықтың белгісі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Референдум – сенім мен жауапкершілік

Қазақстан үшін референдум – жай ғана саяси рәсім емес, бұл қоғам мен мемлекет арасындағы ашық диалогтың маңызды тетігі. Әсіресе,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика