spot_img
Дүйсенбі, Ақпан 16, 2026
-1.8 C
Kokshetau

«Халық таңдауы – 15 наурыз»: Көкшетауда алдағы референдумды қолдауға арналған мерекелік концерт өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетаудағы сауда ойын-сауық орталығының алаңы  әуезді ән мен әсерлі биге ұласып, мерекелік көңіл күйге бөленді. Облыстық шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен «Халық таңдауы – 15 наурыз» атты концерт көпшілікке рухани серпіліс сыйлады. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумды қолдау мақсатында ұйымдастырылды.
Мәдени кешке жиналған қала тұрғындары өнер мен азаматтық үндеуді қатар ұштастырған мазмұнды бағдарламаның куәсі болды. Сахнада Көкшетау мәдениет сарайы шығармашылық ұжымдары, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетіп, патриоттық әндер шырқалды.
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенов конституциялық реформалардың ел болашағы үшін маңызын атап өтті.
«Жаңа Конституция, жаңа құжат елімізге жарқын болашақ алып келеді деп сенеміз. Жақсы жаңалықтар орын алады деп күтудеміз. Бүгін көкшетаулықтар жиналып, ән айтып, тағылымды іс-шара өткізіп жатыр. Елімізде орын алып жатқан өзгерістерге сіз бен біз болып атсалысуымыз қажет. Әр азаматтың өз дауысын беруге құқығы бар», — деді өнер иесі.
Шараға қатысқан қоғам белсенділері де өз пікірлерін білдірді. Көпбалалы аналар қауымдастығының құрылтайшысы Анаргүл Махамедрахимова  азаматтық белсенділіктің маңызын ерекше атап өтті.
«Мен көпбалалы ана ретінде қоғамда болып жатқан өзгерістерге бейжай қарай алмаймын. Балаларымыздың болашағы жарқын болуы үшін әділетті мемлекетте өмір сүргіміз келеді. Сондықтан референдумда өз дауысымды беру маңызды деп есептеймін», — деді ол.
Кеш барысында тұрғындар өнерпаздарға қолдау білдіріп, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсенді қатысу қажеттігін алға тартты. Ән мен би өрілген бұл шара бірлік пен жауапкершілік ұғымдарын тағы бір мәрте айшықтай түсті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында кәсіпкерлер үшін жаңа салық режимдері іске қосылды

Жылдың басынан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енді. Оған сәйкес, кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар үшін үш арнайы салық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика